Аналар күні-анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында “Аққу” бөбекжай бақшасы аналарымен кездесу өтікізілді . Бұл атаулы маңызды мерекеде аналармен түрлі қызықты ойындар ойнатыла отырып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі айқындалды .
“Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар”,-деп атап айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.