2026 жылы 16 қыркүйек күні, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен, Көкшалғын саябағында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Ашық аспан астындағы кітап әлемі» атты әдеби-танымдық кездесу өтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – «Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдебиетті насихаттау. Қазақстан азаматтарының бойында бала кезден кітап оқудың тұрақты дағдысын қалыптастырып, еліміздің әлемдегі ең көп кітап оқитын он мемлекеттің қатарына қосылуына ықпал ету.
Елімізде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» республикалық марафоны басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын іске асыруға бағытталған жоба қоғамда тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды, сыни ойлауды дамытуды және Қазақстанды әлемдегі кітап оқитын озық он елдің қатарына қосуды көздейді. Ауқымды зияткерлік-ағартушылық жобаға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, кітапсүйер әулеттер мен мәдениет және ғылым саласының өкілдері қатысушыларға және Көкшетау қаласы бойынша кітаптарды оқуға қайдан алатыны жайлы кеңінен айтып кетеді.
Ашық аспан астында өтетін ерекше форматтағы кездесуде студенттер, сүйікті кітаптары мен шығармалары туралы ой бөліседі. Қатысушылар үшін жұмсақ пуфиктер мен пледтер орналастырылып, әдеби кештің еркін әрі жайлы атмосферасы қалыптастырылады.
Ісшара қонақтары: Өңірлік «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» жобалық кеңсенің басшысы Жунусова Жанар Жунысбековна. Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев және де жоғарғы оқу орындарының бір топ студенттері қатысты.
Ашық әдеби танымдық кездесу форматында кітап оқу мәдениетін насихаттау мен қолдау ісіне мүдделі тараптар бас қосып, өмірлеріне ерекше әсер еткен немесе қазіргі жастар міндетті түрде оқуы керек деп есептейтін бір кітап туралы өз ойларын ортаға салып, кездесу креативті ойындармен жалғасын тапты.
Сонымен қатар «Классикалық толқын» поэзиялық алаңында студенттер Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова және заманауи ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқып, олардың мазмұны мен бүгінгі қоғамдағы өзектілігі туралы пікір алмасады.
Іс-шара барысында «Көкше» МҮ әншілері патриоттық әңдерімен кештің ерекше атмосферасын толықтырады.
«Кітап оқитын ұлт» – білімді, ойлы және рухани бай ұрпақтың негізі!