Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Бүгін Х Ерғалиев ауылында 1мамыр -Қазақстан халқының біірлігі күні мерекесіне орай "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем -Қазақстан" атты мерекелік шара өтті. Шара басында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Мусин мен ауылдық округ әкімі Р.Тажиденова тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мәдениет үйі өнерпаздары өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар жәрмеңке ұйымдастырылып, ауыл кәсіпкерлері өз қолдарымен пісірілген және қолдан тоқылған өнімдерді халыққа ұсынды.
Бірлік күні мерекесі құтты болсын. Халқымыздың ынтымақ бірлігі арта берсін!