OPEN SPACE”
17.04.2025ж “ Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жағдайында педагогикалық процесті сүйемелдеудің белсенді нысандары мен әдістері” тақырыбы бойынша облыстық семинар болып өтті. Семинарда “Бәйтерек” және “АҚҚУ” бөбекжай бақшасы ұжымымен бірлескен жұмыстар көрсетілді. Аққу” бөбекжай бақша тәрбиешісі Ибраимова Салтанат Қадыржанқызы “Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мақал -мәтелдер “ тақырыбында оқу-әдістемелік жинағы таратылып “Алғыс хатпен” марапатталды.
Көрме жұмыстарында ұшақ алаңында ойын іс әрекеттерінде қызметкерлердің міндеттерін тәрбиеленушілермен бірге көрсетіп тәрбиеші Утепкалиева Мейрамгул Құмарқызы “Алғыс хатпен” марапатталды.
Секциялық жұмыстар бөлімінде қазақ тілі маманы Төлеуова Бибигул Орынғалиқызы “Алғыс хатпен “ марапатталды.
Психология секциясында психолог Ибраймова Алтынгул Ұзақбайқызы “Алғыс хатпен “ марапатталды