2025 жылдың 07 қазан күні Қарттар күні, Ұстаздар мерекесіне орай
«Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!» атты білім беру саласының ардагерлері мен ұстаздарының аудандық форумы аудандық білім бөлімі, аудандық білім беру ұйымдарының кәсіподақ ұйымы, аудандық білім беру ұйымдарының жанынан ашылған Ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Форум барысында ардагер ұстаздарға қошеметпен марапаттар ұсынылды.
“Аққу” бөбекжай бақша меңгерушісі Алма Жұмабайқызының да көп жылғы еңбегі еленіп облыстық кәсіподақ ұйымының ардагерлер Кеңесінің «Ұстазға мың алғыс» төсбелгісімен марапатталды.
Алма Жұмабайқызы сізге бар жақсылықты тілей отырып зор денсаулық тілейміз!!!